Қазақстанның Әзербайжанға экспорты 3,4 есе өсті

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы үш жарым есеге жуық өсті. Үстіміздегі жылдың алғашқы бес айында қос мемлекет 161 млн долларға сауда-саттық жасаған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе жоғары, деп хабарлайды QazTrade. Өсім экспорт пен импорт көлемінің ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Соның ішінде, аталған кезеңде Қазақстан Әзербайжанға қаңтар-мамыр айларында 125,5 млн доллардың өнімдерін жеткізген. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 37 млн доллардан сәл асатын. Әзербайжанға елімізден бидай, мұнай және мұнай өнімдері, электр темір жол локомотивтері, рельстер, болаттан жасалған жалпақ илек тауарларының жеткізілімдері ұлғайған.