Көкшетауда жаңа жағалау ашылды

Көкшетауда жаңа жағалау ашылды

Көкшетауда жаңа жағалау ашылды. Ұзындығы 6 шақырымнан асатын нысан қала тұрғындары мен қонақтары үшін негізгі демалыс орнына айналмақ. Жағалаудың ашылуы халықаралық балалар күніне орайластырылып, бірқатар ауқымды шара ұйымдастырылды. Бұл күні жағалауға бармаған көкшетаулық жоқ шығар. Тіпті жақын ауылдардан келгендер де аз емес. Таң сәріден түнге дейін жаңа демалыс орны адамдарға толы болды.

Қопа көлі жағалауын абаттандыруға мемлекет бюджетінен қаржы бөлінген жоқ. Барлық шығынды «Казцинк» компаниясы өз мойнына алды. Оның құрамындағы ірі алтын өндіру кәсіпорнында 2 мыңға жуық көкшетаулық жұмыс істейді.