Қазақстандық Оңтүстік Кореядағы бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы атанды

Қазақстандық Оңтүстік Кореядағы бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы атанды

Қазақстандық студенттің стартапы Оңтүстік Кореяда өткен бизнес-идеялар байқауында үздік деп танылды. Артур Шин жүкті әйелдерге арналған пайдалы жиынтықтар идеясын ұсынған. Олардың ішінде витаминдер, кремдер және белдіктер бар. Артур мен оның команда мүшелері 3-4 жылдан кейін бұл идеяны Қазақстанда жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осы уақыт аралығында жиынтық құрамын әр адам өзі таңдай алатындай етіп, арнаулы онлайн платформа әзірлемек.

Артур Шин, студент:

- Қазақстандағы өмір сапасын жақсарту үшін не ойлап табуға, нені енгізуге болатыны мені қатты қызықтырды. Кореяда маған мемлекет тарапынан жасалған үлкен медициналық көмек өте ұнады. Президентіміз айтқандай біз жаңа Қазақстанды саламыз!

Айта кету керек, сайысқа әлемнің әр елінен 70-ке жуық адамның басын біріктірген сегіз топ қатысты. Стартап байқауын «Корея Республикасы – Орта Азия» ынтымақтастық жөніндегі форум хатшылығы ұйымдастырды.