БҚО мен Еуроодақ елдері тауар айналымы 5 млрд доллардан асты
Былтыр Батыс Қазақстан облысының Еуроодақ елдерімен тауар айналымы 5 млрд доллардан асты. Бұл туралы аймақ басшысы Нариман Төреғалиев пен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастаған ресми делегацияның кездесуінде айтылды. Алқалы жиынға 11 мемлекеттің елшісі мен 3 елдің сенімді өкілі қатысты. Облыс әкімі мен мәртебелі меймандар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге жасаған ресми сапары стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.
Австрия, Бельгия,
Кипр, Франция, Латвия, Литва... Осы және өзге де 14 мемлекеттің елшілері Ақ
Жайыққа арнайы келді. Делегация құрамында Еуроодаққа кірмейтін елдердің де
өкілдері бар. Бұл халықаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейтіп, маңызын
арттыра түсті. Басты мақсат – арадағы алыс-беріс, барыс-келісті арттыру.
Президент тапсырмасы Орал өңірінде ойдағыдай орындалып отыр.

