Жабық сауда орындары «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді

Елордада 2200-ден астам кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасын енгізді. Ақпараттық жүйе карантин талаптарын қатаң сақтауға көмектеседі. Таяуда жабық сауда орындары мен базарлар да осы құралды қолдана бастады. Олардың 18-інің 4-еуі QR-кодты алып үлгерді.

Нұрлан Нұрмағамбетов, сауда орнының директоры:

- Біз бұған ұзақ уақыт дайындалдық. Кіреберістерде қажетті жұмыстар жасалды. Қажетті QR-кодтары орналастырылған.

Қуанышбек Мұқаш, «Атамекен» қалалық кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары:

- 2000 шаршы метрден астам жабық базарлар арнайы тексерістен өтуі тиіс. Олар тексеру актісімен байланысты. Яғни, аумақтық департамент немесе санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі барып, сәйкестігін тексеруі керек. Осыдан кейін олар сәйкестік актісін алады. Келесі кезекте арнайы порталда өз өтініштерін жібереді. Содан соң бізден QR-кодты алады.