Қазақстанның кредиттік рейтингінің болжамы «терістен» «тұрақтыға» жақсарды
Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі болжамын «терістен» «тұрақтыға» жақсарта отырып, Қазақстанның кредиттік рейтингі BBB+ деңгейінде екенін растады.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингі әл-ауқаттың салыстырмалы түрде жоғары деңгейіне, мемлекеттік борыштың қалыпты деңгейіне, ҚР Ұлттық қорындағы өтімді активтердің елеулі көлеміне және халықаралық резервтердің жеткілікті көлеміне негізделген.
«Қазақстан дағдарыс жылынан көптеген дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда, мемлекеттік борыштың орташа ұлғаюымен шықты. Біздің сарапшылардың айтуынша, 2020 жылдың аяғында мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-нің 24,5%-ына дейін өсуін қалыпты ретінде бағалайды және 2021 жылға мемлекеттік борыш деңгейі бюджет тапшылығының төмендеуі және экономиканың қалпына келуі жағдайында тұрақты болып қала береді деп күтеді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар агенттік сарапшылары Қазақстанда экономикалық көрсеткіштер одан әрі жақсара түседі деп жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, инфляцияның нысаналы дәліз шеңберіне 4-6% қайта оралуын күтуде. Мамандардың болжамынша, бұл ұлттық валютаға қысымның төмендеуіне және 2020 жылғы инфляциялық соққы әсерінің сарқылуына байланысты болады.