Қазақстанда бензиннің шекті бағасы бекітілді

Қазақстанда бензиннің жаңа шекті бағасы енгізілді. Энергетика министрлігінің бұйрықтарына сәйкес,  Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы - литріне 187 теңге болып бекітілді. Аталған аймақтардағы бағаны түзетуге логистикалық шығындардың жоғарылығы әсер етті. Қазақстанның басқа облыстарында баға бұрынғы - 182 теңге деңгейінде сақталады. Мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу алып тасталды. Өйткені Аи-95  және одан жоғары өнімдерді өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің үлкен шығыны жұмсалады. Айта кетейік, дизель отынына шекті бағалар өзгеріссіз қалды және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалып отыр.