Мақта-тоқыма кластері іске қосылады
Елімізде мақта өндірісі қайтадан мықтап қолға алынбақ. Осы мақсатта Түркістан облысында биыл 135 мың гектар жерге мақта дақылы егіліп, тоқыма кластері құрылмақ. Жобаның құны 200 млрд теңге. Әрине, аз қаражат емес. Қазір өңірде шаруалар көктемгі дала жұмыстарына кірісіп жатыр.
Жетісайлық шаруа Абай Аманбаевтың 70 гектар
егістік жері бар. Соның 60 гектарына ол мақта егеді. Ал дақылдың шитін зауыттан
алады. Шаруа биыл жеріне элиталы түркиялық мақтаның сорттарын да егуді
жоспарлап отыр.
Абай Аманбаев, Шаруа:
- 20 гектарға 11\40 деген щит алып жатырмыз
бүгін. Бұл шиттің өнімділігі гектарына 30-35 центнердің арасында береді. Тағы
да бұдан басқа 40 гектар жеріме элиталы түріктің шитін алдық.
Шаруалардың жер жырту жұмыстарына 1560 тонна
дизель отыны бөлінген. Биыл мемлекеттің қолдауымен Мақталы ауылынан ауыл
шаруашылығы техникасының станциясы ашылды. Заманауи үлгідегі техникалар
шаруалардың шығынын азайтып, мол өнім алуға септігін тигізбек.
Әбілмақсым Мәрәбілұлы, Шаруа:
- Біз бала-шағамызбен жабылып шабық шабамыз
шілденің күндері. Ал бұл ондайды қажет етпейді. Адамды көп керек етпейді
екенсің главный. Бірінші шабық, екінші шабықты да істеп беретін техникалар
екен.
Өңірде мақта-тоқыма кластерін іске қосу басталып
кетті. Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауытының капсуласы салынды. Жоба арқылы
қуаттылығы жылына 160 мың тонналық 4 заманауи мақта өңдеу зауытын іске қосу
көзделген. Осының арқасында 1500 тұрғын жұмыспен қамтылады.
Әлібек Плалов, Түркістан облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Қазіргі таңда ол алқапқа 32 мың гектар
жерге мақта алқабы биылғы жылы егу жоспарланып отыр. Толық жаңа технологияларды
пайдалану арқылы су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, мақта алқабы
егілетін болады. Бұл былтыр қолға алынған болатын. Бұл былтырдың өзінде
тиімділігін көрсетті.
Мақта да мұнай сияқты. Базардағы бағаға
қарайлайды. Ал жауаптылар өңірде мақта – тоқыма кластерін құру оның бағасына
тәуелділік жояды дейді. Яғни шикізат дайын өнімге айналып, диқандардың ала
жаздай еңбегі ақталмақ.

