Биыл 23,8 млн гектар жерге дән себіледі
Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады. Үкімет осындай жоспар құрып отыр. Егер жаз жайлы болып, жанармай мен техника жеткілікті болса, онда егістіктің бітік шығуы тиіс. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер тыңайтқышты элиталық сұрыптан дайындаймыз деп отыр. Ең бастысы, агросектор жасанды интеллектке қадам басты. Әр жерге егілген дәннен бастап, оның өніп, экспортқа шыққанға дейінгі жолы енді цифрландырылып бастайды.
Қазақстанның аграрлық картасы қайта сызылып, диқандардың тынысы ашылғалы
тұр. Бектенов әуелі фермерлерді әкімшілік кедергілерден арашалауды бұйырды.
Яғни, атызда жүрген адамға ақ көйлек кигендер келіп жөн-жосықсыз ұрынбайды.
Керісінше ары-бері сандалтпай, керек құжаттарын реттеп отыру керек. Бұл
дегеніміз шаруалар шағым айтқан шенеунік Үкіметтің қаһарына ұшырайды деген сөз.

