Қазақстан экономикалық күрделілік индексінде 55-орынға көтерілді
Қазақстан
экономикалық күрделілік индексі бойынша әлемнің 145 елінің ішінде 55-орынға
шықты. Harvard Growth Lab зерттеуіне сәйкес, еліміздің көрсеткіші 0,38 балл.
Осыдан 3 жыл бұрын Қазақстан бұл индексте 89-орында болған. Алайда деректер
қайта қаралып, 52-орынға көтерілді. Осыдан кейін Қазақстан күрделі экономикасы
бар елдер қатарына енді. 4 жылда
87-орыннан 55-орынға көтерілген. Осылайша бірден 32 сатыға ілгерілеген.
Ал көршілеріміз Өзбекстан 86-орыннан 70-орынға, Қырғызстан 78-орыннан 72-ші,
Түрікменстан 127-орыннан 126-орынға ілгерілеген. Ал Ресей керісінше 38-орыннан 67-орынға
төмендеген.

