Шетелдік инвесторлар көкөністерді қайта өңдеу бойынша екі бірдей өндірісті іске қоспақ

Шетелдік инвесторлар көкөністерді қайта өңдеу бойынша екі бірдей өндірісті іске қоспақ

Аталмыш жобаны 5 жыл ішінде үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланған. Инвестицияның жалпы көлемі 30 млн долларды құрайды. Ал үстіміздегі айда түріктің агроөндірісітік компаниясы Қостанай өңірінде бұршақ дақылдарын қайта өңдейтін жаңа зауыт ашпақ. Өндіріс ошағының жылдық қуаты 170 мың тонна бұршақ, қызыл және жасыл жасымық, ноқат және қатты сұрыпты бидай өңдеуге қауқарлы болады деп күтілуде. Бірінші кезеңдегі инвестиция көлемі – 8 жарым млн доллар.