Былтыр банктер 2,5 трлн теңге пайда тапқан

Былтыр банктер 2,5 трлн теңге пайда тапқан

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің иелерімен мемлекеттен алған қарыздарын өтеу туралы нақты кесте әзірлейді. Бұл туралы арнамызға берген эксклюзивті сұхбатында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты. Бас банкир бұл бастамаға банктер жауапкершілікпен қарайды деп сенім білдірді. Оның айтуынша, банктердің табысы жылдан жылға артып келеді. Былтыр олар екі жарым триллион теңге таза пайда тапқан. Еске салайық, 2017 жылы еліміздің алты банкі мемлекеттен 700 млрд теңгеден астам қолдау қаражатын алған. Берешекті олар 15 жылдың ішінде қайтаруы тиіс. Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы кей банктер шығынды әлдеқашан өтегенімен, мемлекет қаржысын қайтаруға асықпай отырғанын тілге тиек етіп еді.