Қазақстанда ет және сүт өнімдерін өндіру бойынша 38 млрд теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылады

Қазақстанда ет және сүт өнімдерін өндіру бойынша 38 млрд теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылады

Қазақстанда ет және сүт өнімдерін өндіру бойынша 38 млрд теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылады. Жаңа өндірістер еліміздің 13 өңірінде орналаспақ. Бұл шаралар тауар импортының үлесін азайуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. Сонымен қатар, сала басшысы отандық алма өсіру ісі кеңейтіліп, 8 мың гектардан асатын алқапқа алма бақтары отырғызылатынын жеткізді.

Ербол Қарашөкеев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

– Жалпы 2022 жылға  инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бірнеше инвестициялық жобалар бар. Оның ішінде 7 ет комбинаты, 10 сүт өңдеу зауыты, 10 құс фабрикасын салу және кеңейту бойынша өндірістің көлемін көтеру жоспарланып отыр.