Қытай Қазақстандағы құрылысқа инвестиция салуды жоспарлап отыр

Қытай Қазақстандағы құрылысқа инвестиция салуды жоспарлап отыр

Қытайдың Қазақстанға инвестиция ағындары артып келеді. Аспан асты елінің ірі конгломераты Астанадағы бес жұлдызды қонақүй, коммерциялық кешендер, автотұрақтар және басқа да ірі нысандар құрылысына қаражат құюға мүдделі. Сонымен қатар қазақстандық тарап инвесторларға еліміздің ірі қалаларында Ақтөбе, Шымкент, Өскемен, Қостанай және Қызылордада, заманауи сауда ойын-сауық орталықтарының құрылысын қарастыруды ұсынды. Бұдан өзге қытайлық тарап республикада фармацевтикалық зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ шетелдік бизнесмендер тоқыма бұйымдарының технологияларын жасауға, тоқыма кластерін дамытуға инвестиция құюға ниетті.