Жасанды интеллект банк саласын өзгертеді

Жасанды интеллект банк саласын өзгертеді

Жасанды интеллект банк саласын түбегейлі өзгертеді. Бүгінде цифрлық қызмет көрсететін финтех компанияларын таңдаған адамдардың саны, дәстүрлі банк клиенттерінен 50 пайызға көп. Бұл туралы белгілі футуролог - Бретт Кинг елордадағы «Astana Finance Days» форумында айтты. Оның сөзінше, болашақта банктердің көбі толықтай онлайнға көшеді. Сөйтіп, жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Сондықтан сарапшылар банктерге жаңа технологияларға қазірден бастап бейімделуге кеңес беріп отыр.