Әлеуметтік көмек: 288 млрд теңге үнемделді
Үкімет 288 миллиард
теңгенің тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойды. Бұл әлеуметтік көмек саласына
бақылауды күшейткеннің нәтижесі. Енді мектеп пен балабақшаны салудан бастап,
жан басына шаққандағы қаржыландыруға дейінгі барлық процесс электронды форматта
бақыланады. Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы Қаржы
министрлігінің ақпараттық жүйелерімен біріктірілді. Өзгерістер көші-қон
саясатына да әсер етті. Бұған дейінгі жүйе масылдыққа жол ашты. Сондықтан
биылдан бастап жеңілдіктер мен қолдау шаралары жұмыс күші тапшы өңірлерге
көшетін азаматтарға ғана беріледі.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Білім беру, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларындағы мемлекеттік
саясаттың трансформациясы мемлекеттік бюджеттен шамамен 18 трлн теңге бөлінетін
салаларда тәртіп орнатуға мүмкіндік береді. Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға
ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады.

