Сән-салтанат салығы ұлғаяды

Сән-салтанат салығы ұлғаяды

Жаңа салық кодексінің редакциясына енгізілген өзгерістің бірі ас та төк байлыққа қатысты. Енді жылдық табысы 33,4 млн теңгеден асатын азаматтар табысының 15 пайызын салыққа беруге міндеттелуі мүмкін. Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның сөзіне қарағанда, бұл жеке табыс салығының кіріс көлеміне қарай өлшенеді. Бұдан бөлек, Салық кодексінде құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелері де ұлғайтылған салық төлеушілер санатына алынбақ. Мәселен, бағасы 75 миллион теңгеден асатын VIP санаттағы көлік, яхта, түрлі бизнес джет иелері. Мұндай қымбат мүлікке акциз енгізу жоспарланған. Ел арасында бұл «Сән-салтанат салығы» деп аталады. Тағы бір өзгеріс - жаңа салық заңнамасын өрескел бұзған құрылтайшылар мен компания иелері екінші қайтара компания ашуға құқығы жоқ болады.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі:

- Ұсынылған салық реформасы салық салудың әділеттілігін арттыруға бағытталған. Әлемдік мұнай нарығындағы соңғы өзгерістерге байланысты Ұлттық банк интервенция жасай ма? Салық реформасынан не күтеміз? Нәтиже айқын сезілетін болады. Жылына қосымша 4-5 трлн теңге салық түсімдері. Ұлттық қорға тәуелділіктің төмендеуі. Бюджет өзін-өзі қамтамасыз етеді.