Унциясы 4,5 мың доллар: әлемдік нарықта алтын бағасы өсті

Унциясы 4,5 мың доллар: әлемдік нарықта алтын бағасы өсті

Әлемдік нарықта алтын бағасы қайта өсті. Қазіргі саудада бағалы металдың құны унциясына $4,5 мың доллар болып тұр. Соңғы аптадағы өсім 2,56%-ға тең. Бұған әсер еткен Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың біршама тұрақтануы. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөз жүріп жатқанын жеткізген. Осыдан кейін нарық біраз тынышталып, мұнай арзандай бастаған. Мәселен, жаһандық нарықта Brent мұнайы шамамен 6%-ға төмендесе, АҚШ-тың жасанды мұнайы да 5%-ға бағасын түсірген. Сарапшылардың айтуынша, дәл осы фактор инфляцияға қысымды азайтып, соның әсерінен алтынға деген сұраныс артқан. Өйткені алтын – инвесторлар үшін қауіпсіз активтердің бірі. Алдағы уақытта да алтын бағасы өсе түсуі мүмкін. Жалпы, бағалы металл нарығына әлемдік экономикалық ахуал мен саяси жағдайлар тікелей әсер етіп жатады.