«Самұрық-Энерго» жобаларын іске асыру – жасыл энергетикаға көшу
Қазақстан жаңартылған энергетика саласындағы жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруда. Оған еліміздің аса ірі электр энергетикалық холдингі – «Самұрық-Энерго» үлкен үлес қосып отыр. Бүгінде 2 жел электр станциясын еліміздің Алматы және Ақмола облыстарында салу жоспарлануда.
СЕРІК ТЮТЕБАЕВ, «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ «ӨНДІРІС ЖӘНЕ АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ» БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
- Бізде Ерейментауда 7-8 жыл бойы алғашқы 45 МВт-тық жел электр станциясы жұмыс істеп тұр. Біз сондай-ақ 50 МВт желмен Ерейментау электр станциясын салып жатырмыз және Шелек қаласының ауданында даму әлеуеті бар 60 МВт электр станциясын 300 МВт-қа дейін жеткізу мақсатында салудамыз.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай станцияларды іске қосу атмосфераға жіберілетін зиянды шығарындылардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқа да маңызды жобаларын жүзеге асырудың арқасында, қоршаған ортаға экологиялық әсерді азайтуға айтарлықтай көмек көрсетілгенін атап өткен жөн.
СЕРІК ТЮТЕБАЕВ, «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ «ӨНДІРІС ЖӘНЕ АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ» БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
- Біз Алматы Жылу электр орталығы – 2-ні Казтрансгазбен бірге газға көшіргіміз келеді. Бұл Алматы Жылу электр орталығы – 2-ден шығатын шығарындыларды 83 процентке дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ болашақта Президенттің тапсырмасымен Алматы Жылу электр орталығы – 3-ті де газға ауыстырып, онда заманауи қондырғылар орнатылады.
Биылғы жылы «Самұрық-Энерго» холдингі отандық энергетиктердің жасыл экономикаға көшуін қолдап қана қоймай, өткен жылмен салыстырағанда электр энергиясын өндіру бойынша көрсеткіштерінің өсу серпінін сақтап қалғанын атап өткен жөн.
Авторы: Ақзер Сегізбай