ШЫҰ саммитінде экономикалық мәселелер кеңінен талқыланды
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның төрағалық етуі кезінде заман талабына сай трансформацияланды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары осындай пікірде. Бұл жолы тек қауіпсіздік емес, экономикалық мәселелер де кеңінен талқыланды. Айталық, цифрлық жобалармен қатар, 2030 жылға дейін елдер арасындағы іскерлік байланысты күшейтетін бастамалар қарастырылды, - дейді сарапшылар.
Ерлан Ахмеди, халықаралық саяси сарапшы:
– Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мүше болып табылатын әр түрлі ұйымдардың әлеуетін біріктіріп, экономика жағынан, саяси, гуманитарлық жағынан болсын бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсыныстар айтылуда. Шынын айту керек, осы ШЫҰ беделді ұйымға айналуда.

