Қазақстан онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондыққа енді
Қазақстан
салаларды цифрландыру бойынша әлемде 24 орында. Ал онлайн қызмет көрсету
жағынан үздік ондыққа енеді. Салаларды трансформациялайтын платформа да ашылды.
Бұл қосымша Qaztech деп аталады. Ол елдегі көлеңкелі экономикамен күресуге
арналған. Осы жобаның арқасында былдырдан бері 13 млрд теңге үнемделген. Алдағы
уақытта жасанды интеллектпен басқарылатын өзге де платформалар пайда болады.

