Қазақстан Ислам даму банкімен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделі

Қазақстан Ислам даму банкімен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделі

Қазақстан Ислам даму банкімен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, атап айтқанда ынтымақтастық инфрақұрылым, азық-түлік және су қауіпсіздігі саласында орнатылмақ. Қаржы институты біздің елмен өзара тиімді әріптестікті нығайтуға дайын. Айта кету керек, өзара іс-қимыл жылдарында Ислам даму банкі Қазақстандағы экономиканың басым секторлары мен әлеуметтік жобаларына бір жарым миллиард доллардан астам инвестиция салған.