Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан ЖІӨ өсімі 5% болуы мүмкін

Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан ЖІӨ өсімі 5% болуы мүмкін

Жыл қорытындысы бойынша Жалпы Ішкі Өнім көрсеткіші 5% өсуі мүмкін. Қазақстан Президентіне жыл басынан бері 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындыларын Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Сондай-ақ, Әлібек Қуантыров ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 37% жеткенін де хабарлады. Бірінші жарты жыл ішінде тікелей шетелдік инвестиция көлемі 13 млрд доллардан асқан. 9 мың жобаға субсидия бөлініп, шағын және орта бизнес өндірген тауарлардың құны 28 трлн теңгеге жетті. Одан бөлек, ведомство басшысы президентке кәсіпкерлікті тексеруді 2 есе азайтуға мүмкіндік беретін жаңа реттеу саясаты енгізілетіні туралы да баяндады.

Ұлттық валюта – теңгенің 30 жылдығы тойлануда

Ал, Ұлттық Банк төрағасы мемлекет басшысының қабылдауында цифрлық теңгені айналымға енгізуге дайындық жұмыстары мен жалпы, цифрлық-қаржылық инфрақұрылымды дамыту жоспарлары туралы мәлімет берді. Тимур Сүлейменов Президент алдында жыл басынан қазан айына дейін жүргізілген ақша-несие саясаты туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Президенттің халыққа жолдауы барысында берілген тапсырмалардың орындалуы мен Ұлттық валютаның 30 жылдығын атап өтуге дайындық туралы да ақпарат берді.