Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 12 жыл толды

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 12 жыл толды

Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 12 жыл толды. Қазақстанның бірлестікке мүше мемлекеттермен тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Былтырдың өзінде 31 миллиард доллардан асты. Оның 21 млрд долларға жуығы импорттың еншісінде. Еліміз экспорттық әлеуетті арттыруға ден қойған. Соңғы 10 жылдың өзінде көрсеткіш екі есе өсіп, 10 млрд долларға жетті. Тараптар биыл өзара сауда-саттық көлемін 6 пайызға ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл тұста жалпы халық саны 180 миллионнан асатын одақтың ауқымды нарығы экспортты ілгерілетуге зор мүмкіндік бермек.