Елдегі уран қоры жеткілікті

Елдегі уран қоры жеткілікті

Елде атом электр станциясы салынса, оған отын ретінде қолданылатын уран қоры бізде жеткілікті. Қазақстан уран өндіруден әлемде бірінші орында. Дегенмен, бағалы отын шикізат күйінде шетел асып жатыр. Сондықтан болашақта оны өзімізде өңдеп, кәдеге жаратумен қатар өте сирек кездесетін ілеспе металдарды да өндіру жолға қойылады, - дейді мамандар.

Бұл Созақтағы уран шығаратын «Қаратау» кен орны. Мұнда күніне 16 кг дайын өнім шығады. Жалпы Қазақстанда бағалы отын өндіретін 26 кен орны бар болса, соның 20 астамы осы Созақта. Кеніштерде экологиялық ең таза технология қолданылады. Бағалы минералды зат зауытта бірнеше өңдеуден өтеді. Тұндырылып сүзілгеннен кейін қыздырылып, кептіріледі. Осыдан кейін дайын өнім – уран тотығы алынады. Радиоактивті химиялық элементтің қуаты көмірден 90 есе ал, газдан 45 есе жоғары.

Нұржан Қалдыбеков, Геотехнология алаңының басшысы: 

– Бұл – ең тиімді әдіс. Экологиялық және өнімділік жағынан қарағанда. Негізі біз оны жер бетіне шығармаймыз. Жер астында ерітіп, қабылдау және тарату қондырғысына жеткіземіз. 

Қазақстанға әлемдегі уранның 12%-ы тиесілі. Барлау нәтижелеріне сүйенсек, еліміздің жер астында пайдаланылмаған 625 мың тонна бағалы отын жатыр, ал жалпы қор – шамамен 785 мың тоннаны құрайды. Демек елімізде салынатын АЭС-ке шикізат қоры жеткілікті. Экологтар уранды отын ретінде пайдалану әлдеқайда тиімді деп отыр.

Халима Сартаева, БҰҰ экология және тіршілік қауіпсіздігі бойынша корреспондент мүшесі, доцент:

– Мынау көмір, мұнай-газдан бөлінген улы заттар ауаға ұшып парникті экологияға зардап келтіріп отыр. Парниктік эффект осындай процесті туындатып, әлемдік климат өзгеріп отыр. 1 кг уран 40 тонна көмірдің бөлетін энергиясын береді. Тағы бұл жерде айтатан нәрсе таблетка түріндегі уранымыз регенерацияға келіп қайтадан пайдалануға болады. Қазақстан әлемде уран қорынан бірінші орында болып, неге АЭС салмасқа? Жалпы эколог ретінде мен қолдаймын.

Қазір елімізде жылына 22 мың 500 тонна уран өндіріледі. Келесі жылы оның көлемі тағы 4 мың тоннаға артады. Шикізаттың жартысы Қытайға, үштен бірі Еуропа елдеріне экспортталады. Қазір бағалы өнімді өзімізде өңдеп, кәдеге жарату тетіктері қарастырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, болашақта уранды өңдеу кезінде бөлінетін ванадий, скандий және литий секілді бағалы металдардың да өндірісі қолға алынады.

Халима Сартаева, БҰҰ экология және тіршілік қауіпсіздігі бойынша корреспондент мүшесі, доцент:

– Мынау көмір,мұнай газдан бөлінген улы заттар ауаға  ұшып парникіті экологияға зардап келтіріп отыр.Парникті эфект деген осындай процесті туындап әлемдік климат өзгеріп отыр. 1 кг уран 40 тонна көмірдің бөлетін энергиясын береді. Тағы бұл жерде айтатан нәрсе таблетка түріндегі уранымыз регенерацияға келіп қайтадан пайдалануға болады. Қазақстан әлемде уран қорынан бірінші орында болып неге АЭС салмасқа? Жалпы эколог ретінде мен қолдаймын.

Қазір елімізде жылына 22 мың 500 тонна уран өндіріледі. Келесі жылы оның көлемі тағы 4 мың тоннаға артпады. Шикізаттың жартысы Қытайға ,үштен бірі Еуропа елдеріне экспортталады. Қазір бағалы өнімді өзімізде өңдеп, кәдеге жарату тетіктері қарастырылып жатыр. Мамандардың айтуынша болашақта  уранды өңдеу кезінде бөлінетін ванадий, скандий және литий секілді бағалы металдардың да өндірісі қолға алынады.