Қазақстан экономикасы жарты жылда 5% өсім көрсетті
Оның ішінде нақты сектр мен қызмет көрсету салалары қарқын алып, сәйкесінше 4,8% және 4,9% дейін ұлғайды. Жалпы елімізде барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады. Бұл ретте құрылыс, сауда, ақпарат пен байланыс бағыттарында ең үлкен өсім тіркелген. Бұл туралы Ranking.kz. портал хабарлады. Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша әлемде орын алған геосаяси жағдайларға қарамастан, елдің жалпы ішкі өнімі 3%-тен астам артқан. Қазақстанның экономикасы сыртқы сын-қатерлерге барынша төтеп келеді. Елдің ЖІӨ-дегі негізгі үлес көтерме және бөлшек сауда, тау-кен, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс салаларына тиесілі.
Айта кетейік, бұған дейін
Халықаралық валюта қоры биыл Қазақстан экономикасы 4,3%, ал 2024 жылы 4,9%
өседі деп болжаған болатын.