Қ.Тоқаев: Қазақстан арқылы жүк тасымалдау артады

Қ.Тоқаев: Қазақстан арқылы жүк тасымалдау артады

Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік жөніндегі жаһандық саммитке қатысты. Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетіне тоқталды. Оның айтуынша, алдағы жылдары Қазақстан арқылы жүк тасымалдау көлемі айтарлықтай артады. Қыс мезгілінде Қазақстан энергия ресурстары мен аса маңызды шикізат тауарларының тапшылығын азайта алады. «Әрі біздің ел халықаралық транзиттік хаб ретінде жаһандық және тұрақты жеткізу тізбегін құруға қабілетті»,-деп түйіндеді сөзін.