Теңге нығайып, доллар арзандады

Теңге нығайып, доллар арзандады

Бүгін доллар төмендеді. Ұлттық банк төрағасы мәжіліс кулуарында ұлттық валюта нығайып, доллардың айтарлықтай арзандау себебін түсіндірді. Қазақстан қор биржасындағы соңғы мәліметтерге сүйенсек, 1 доллар 478,77 теңгеге тең болды. Мұндай бағам 2024 жылы болған. Теңгеміз бір айда 25 теңгеге нығайған. Бұған әлемдік нарықтағы мұнай бағасының да өсуі тікелей әсер етіп отыр, - дейді Тимур Сүлейменов. Қазіргі уақытта ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 114,77 долларды құрады.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Теңге нығайып жатыр. Оның себебін экономика негізімен түсіндіруге болады. Қазақстанның экспортқа шығаратын басты өнімі – мұнай қымбаттап жатыр. Экспорттық түсімнің жартысынан астамы содан тұрады. Өндіріс көлемі сол күйінде қалса, баға көтеріліп жатыр. Соған байланысты доллар бағамы да төмен болады.