Темір жол арқылы Қытайға жүк экспорты 1 млн тоннаға жетті

Темір жол арқылы Қытайға жүк экспорты 1 млн тоннаға жетті

Осы жылдың тек бірінші айында Қазақстан Қытайға темір жол арқылы 1 млн тонна жүк жөнелтті. Бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 43% көп. Бұл туралы еліміздің ірі темір жол магистралінің операторы хабарлады.

 

Бұл көрсеткіштің өсуіне Қытайға шойын жол арқылы темір рудасының, дәнді дақылдардың, түсті және қара металлдардың тасымалының ұлғаюы себеп болды. Қаңтарда екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемі 22% артып, 2,5 млн тоннаны құраған.

Айта кетер тағы бір жайт, өткен айда 800 мың адам темір жолмен қатынап, бұл саладағы өсім 6% көрсетті. Ең жоғары көрсеткіш Астанада тіркелген. Елордамыз арқылы жарты млн адам қатынады. Сондай-ақ, көш басында Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау мен Қызылорда облыстары тұр. Ал ең төмен көрсеткіштер – Алматы, Батыс-Қазақстан және Түркістан өңірлерінде тіркелді.