Зейнетақы жинақтарымен ипотеканың пайыздарын жабуға болмайды
Зейнетақы жинағын енді ипотеканың тек негізгі қарызын жабуға қолдануға
рұқсат етілуі мүмкін. Жаңа жобаны Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі талқылауға
шығарған. Ұсынылған ереже бойынша, зейнетақы қорындағы қаржыны ипотеканың ай
сайынғы төлемін азайту үшін немесе несие мерзімін қысқарту үшін пайдалануға
болады. Ал, осыған дейін зейнетақы қаржыcымен ипотеканың негізгі бөлігін немесе
үстіндегі пайызын да жабуға мүмкіндік бар еді.

