Қазақстанда 2030 жылға дейін бес ірі ЖЭК жобасы іске қосылады

Қазақстанда 2030 жылға дейін бес ірі ЖЭК жобасы іске қосылады

Қазақстанда 2030 жылға дейін бес ірі жаңартылатын энергия көзі жобасы іске қосылады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда бұл заманауи бастамалар пысықталып жатыр. Жалпы елімізде баламалы қуат көздері тұрақты өсім көрсетуде.

Мәселен, 2014 жылдан бастап оның қуаты 178 МВт-тан 2023 жылы 2868 МВт-қа дейін, яғни 16 еседен астам ұлғайды. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша, жаңартылатын энергетика нысандары өндірген қуат көлемі алты жарым млрд кВт/сағ жетті. Бұл өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің 6% жуығын құрады.

Бүгінде Қазақстанда жалпы 2,8 ГВт баламалы қуат өндіретін 146 нысан бар.