ЕАДБ қазақстандық жобаларға инвестициялар көлемін 1 млрд 200 млн долларға ұлғайтты

Биыл Еуразиялық даму банкі  қазақстандық жобаларға инвестициялар көлемін 1 млрд 200 млнға  долларға дейін ұлғайтты. Ал келесі жылы банк ел экономикасының басым салаларына тағы 1 млрд-тан астам қаржы бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астанада Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Еуразиялық даму банкі  Кеңесінің төрағасы   Николай Подгузовпен кездесуінде белгілі болды. Үкімет басшысы  кооперациялық жобалар санын арттырудың маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде Николай Подгузов 2026 жылға дейін Қазақстанда жобаларды іске асыруға кемінде 4 млрд долларға жуық қаржы құю көзделгенін хабарлады. Құрылым логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, су ресурстарымен, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған жобаларға басымдық бермек.