ESG тұрақты даму рейтингінде Қазақстан ЕАЭО және ОА елдерінің арасында көш бастап тұр

ESG тұрақты даму рейтингінде Қазақстан ЕАЭО және ОА елдерінің арасында көш бастап тұр

ESG тұрақты даму рейтингінде Қазақстан ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында ең жоғары көрсеткіштерге ие. Еліміз бұл тізімде 51 орынға тұрақтады. Қазіргі таңда Қазақстанда экологиялық, әлеуметтік-бағдарланған және корпоративтік басқару қағидаттарын қолданатын компаниялар көбейіп келе жатыр. Бұл туралы Energyprom.kz порталы хабарлайды. Сонымен қатар, ESG көрсеткіштері заманауи инвесторлар үшін негізгі критерийлердің біріне айналуда. Мысалы, 2020 жылғы сауалнама бүкіл әлем бойынша салымшылардың төрттен үш бөлігі өз жобаларын жүзеге асыру арқылы әлеуметтік әсер етуді қалайтынын көрсетті. Айта кетейік, ESG рейтингі 179 елді қамтиды. Көшбасшылар қатарында Финляндия, Швеция, Исландия, Норвегия, Швейцария елдері бар.