Биыл бірнеше теміржол желілерінің құрылысы аяқталады
Биыл бірнеше теміржол желілерінің құрылысы аяқталады.
Соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстанды тікелей байланыстартын Дарбаза –
Мақтарал бағыты да бар. Жоба толық іске қосылса Орта Азия бағытындағы жүк
тасымалы 20 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Ал, ұзындығы 323 шақырым болатын
Қызылжар – Мойынты шойын жолдың әлеуеті зор.
Жоба Транскаспий халықаралық көлік дәлізін 150 шақырымға қысқартуға
ықпал етеді. Айта кетейік, былтыр «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі
іске қосылды. Алматыны айналып өтетін теміржол құрылысы аяқталды. Мұның бәрі
еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай көтереді.
Ерсұлтан Абдрахманов, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің бас сарапшысы:
- Алтынкөл – Жетіген теміржол желісі Қазақстанның көлік
логистикалық жүйесіндегі ең маңызды халықаралық жобалардың бірі. Бұл бағыт
Қытай мен Қазақстан арасындағы тікелей темір жол қатынасын қамтамасыз етіп,
елдің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырады. Теміржол желісі Алматы
облысында орналасқан. Ұзындығы 293 шақырымды құрайды.

