«Ақылды» су есептеу құрылғылары қолданысқа беріледі
Енді қанша мөлшерде су пайдаланғаныңызды есептеп, ақпаратты бақылау органдарына жіберуден құтыласыз. Өйткені бұл міндетті жасанды интеллек атқаратын болады. Министр Жаслан Мәдиевтің айтуынша, 2028 жылдан бастап елде «ақылды» су есептегіш құралдары қойылмақ. Бастапқыда шамамен 3,6 млн данасы сынақтан өткізіледі деп жоспарланған. Қазір «Smart Turmys» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Жоба су шығындарын азайтып, жабдықтың ұзақ қызмет етуіне ықпал етеді. Әрі өндірістен тұтынуға дейінгі, оның ішінде әлеуметтік нысандарды қоса алғанда, барлық кезеңді бақылауды қамтамасыз етеді. Осылайша, 2030 жылға дейін сумен жабдықтау саласында деректерді онлайн беру тетігі 100 пайыз қамтамасыз етіледі.
Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
- Аталған саланы
цифрландыруға Astana Hub экожүйесінің стартаптары елеулі үлес қосуда. Қазір
экожүйеде ақылды есептегіштер, ағып кету датчиктері және суды автоматтандыру
жүйелері сияқты су секторының цифрлық шешімдерін жасайтын 11 жоба бар. Осы
стартаптардың жиынтық табысы 6,3 млрд теңгені құрайды.

