Қазақстан 2022 жылы Еуропа елдерімен сауда көлемін 30%-тен астамға ұлғайтты

Қазақстан 2022 жылы Еуропа елдерімен сауда көлемін 30%-тен астамға ұлғайтты

Жалпы еліміз өткен жылы бұл мемлекеттерге 35 миллиард долларға сауда жасаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды. Атап айтқанда, Италияға шамамен 14 миллиард долларға өнім экспортталды. Сондай-ақ ең ірі тұтынушылар тізімінде Нидерланды, Франция, Румыния, Испания бар. Бұл елдер негізінен мұнай, мырыш, қорғасын және ферроқорытпаларды импорттайды. Сонымен қатар Қазақстанға 8,5 миллиард долларға жуық тауар әкелінген. Республика Германия, Италия, Франция, Польша және Ұлыбританиядан автомобильдер, құрамдас бөлшектер мен дәрі-дәрмектер импорттайды.