6 ай қатарынан инфляция деңгейі төмендеп келеді
Қазақстанда 6 ай қатарынан инфляция деңгейі төмендеп келеді. Мәселен, 2025 жылдың қыркүйек айында бұл көрсеткіш 12,9% болса, қазір 11%-ды құрап отыр. Қаңтар айынан бері инфляция дәлізі 0,6%-ға төмендеген. Бүгін Үкіметтің баспасөз қызметі осындай есеп қорытындысын жариялады. Ұлттық экономика министрлігінің болжамына сәйкес, инфляция 2027 жылдың басына қарай бір мәнді деңгейге төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ, Үкімет хабарламасында салық түсімдерінің өсуі бюджет тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік бергені айтылған. Қазір республикалық бюджеттің 98%-ын салық түсімдері құрап отыр. Кірістер 101,8%-ға орындалған. Яғни, кірістер 4 трлн теңгеге жоспарланған, бірақ 4,2 трлн теңге жиналған. Негізгі өсімге ықпал еткен факторлар мыналар: корпоративтік табыс салығы – 16,9%; импортқа қосылған құн салығы – 24,2%; пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – 35,7%. Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. Сөйтіп, қосымша құн салығын төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.

