Төмен тарифтер – жасырын түрде берілетін субсидия

Төмен тарифтер – жасырын түрде берілетін субсидия

Жылуды, жарық пен суды кім неғұрлым көп тұтынса, соғырлым көп төлейді деген қағидат енгізіледі. Бұл бастама әділ экономика құру үшін аса қажет қадам,- деді Президент сұхбатында.  Себебі, электр қуатының арзан болуы табысы төмен көпбалалы отбасыларға емес, ірі кәсіпкерлерге тиімді болды. Төмен тарифтердің қызығын делдалдар көргені жасырын емес. Ал арзан жанар-жағармай олигархтардың қалтасын қампайтуға мүмкіндік берді. Отын заңсыз шекара асып, көрші елдердің экономикасына демеу болды. Тарифтің пайдасын ауқатты азаматтар ғана көрді. Енді елдің ресурстарын барша жұрт бірдей пайдаланады. Жаңа тәсіл ескірген энергетика желілерін жаңғыртуға, заман талабына сай инфрақұрылым салуға жол ашады. Инвестор тартуға да қолайлы жағдай жасайды. Қазірдің өзінде инвесторлар есебінен бірнеше нысан салынып, бірқатар желілер жөнделіп жатыр.


Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Күрделі жөндеу жұмыстары, жылу қазандықтар мен трубиналар қосу инвестициялық жобаларды бастап кеттік. Бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбейді. Инвестиция тартылып, болашақта тариф арқылы ұзақ мерзімде қайтарылатын қаражат. Барлық жаңа жобалар солай салынады. Бәрі ірі жобалар, құны 300-400 млрд-тан  аз тұрмайды. Қазір 1 трлн-нан астам қаражат тартылып жатыр деп айтуға болады.