Азық-түлік өндірісіндегі негізгі инвестициялар 13%-ке өсті

Азық-түлік өндірісіндегі негізгі инвестициялар 13%-ке өсті

Қазақстанда 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында азық-түлік өндірісі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 62,5 млрд теңгеге жетті. Нақты өсім шамамен 13,5% құрады. Саладағы қаражаттың басым бөлігі, 15,6 млрд теңге, Алматы облысына  тиесілі. Алғашқы бестікте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Инвестицияның ең аз бөлігі Маңғыстау облысына құйылған. Жалпы, еліміздегі инвестициялардың 53%компаниялардың өз қаражатына тиесілі.

Айта кету керек, еліміздегі негізгі азық-түлік өнімдерінің ассортименті де көп. Халық ет және сүт өнімдерінің түр-түрімен, жарма және басқа да тауар түрлерімен толық қамтамасыз етілді.