Мұнай-газ саласында ірі зауыттар салынады

Мұнай-газ саласында ірі зауыттар салынады

Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Құжат 1-ші қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс. Бұл болашақтың еншісіндегі жұмыс. Ал, қазір әлемдегі мұнай бағасының төмендеуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді? Компаниялардың жағдайы не болмақ?

Атырау облысында мұнай химиясы саласында төрт ірі жоба жүзеге асырылады. Полиэтилен өндіру зауытының құрылысы жұмыстары жүріп жатыр. Бутадиен және оның өнімдерін шығаратын кәсіпорын құрылысы да осы жылдың екінші жартыжылдығында басталады. Аймақта терефтал қышқылы және полиэтилентерефталат өндірісін ашу да жоспарлануда. Әзірге инвестор табылмаған. Бұдан бөлек елде полиэтилен зауытының жобасы іске асырылады.