Президент ЕҚДБ мен Citi банк басшылығын қабылдады

Президент ЕҚДБ мен Citi банк басшылығын қабылдады

Президент Қазақстанға инвестиция құйып жүрген халықаралық банк өкілдерімен де кездесу өткізді. Оның бірі - Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо. Қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді. Мәселен, банк «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құюға ниетті. Ұзындығы 234 шақырым болатын Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұдан кейін Мемлекет басшысы Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесу өткізді. Банк шағын және орта бизнеске қолдау жасап, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал етіп келеді.