Қазақстан мен Башқұртстан бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырады
Былтыр Қазақстан мен
Башқұртстан арасындағы өңіраралық тауар айналымы 380 млн доллардан асты. Өзара
алыс-берісті арттырудың әлеуеті әлі де жоғары.
Әлихан Смайылов Астанада Башқұртстанның Премьер-Министрі
Андрей Назаров бастаған үкіметтік делегациямен кездесуінде осылай деп
мәлімдеді. Бүгінде екі жақты өнеркәсіптік кооперация артып келеді. Мәселен, қазірдің
өзінде Қостанай өңірінде бірлескен серіппелі құрылғылар зауытын құру жұмыстары
жүріп жатыр. Сонымен қатар енді бір башқұрттық компания елімізбен құны 716 млн
доллар болатын екі ірі жоба бойынша
ынтымақтастық орнатуда. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов еліміздің аталған инвестициялық
жобаларды іске қосуға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Тараптар ауыл
шаруашылығы, логистика, туризм және мәдениет салаларындағы әріптестік аясын да талқылады.