Шілдеде Қазақстанның 16 өңірінде жылдық инфляция өсімі тіркелді

Шілдеде Қазақстанның 16 өңірінде жылдық инфляция өсімі тіркелді

Қазақстанда шілде айында жылдық инфляция едеуір өсім көрсетіп, 16 өңір бойынша 15% -ке жуықтады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Аймақтар арқасында Атырау облысы көш бастап тұр. Қаржы реттеуші таратқан мәліметке сүйенсек, нарықта азық-түлік бағасының өсу қарқыны айрықша байқалып отыр. 

Маңғыстау облысында осы топқа жататын тауарлар бағасының өсімі 24,0% жеткен. Сондай-ақ, шілдеде азық-түлікке жатпайтын тауарлар құнының өсімі 14,2%-ға дейін жеделдеді. Ең жоғары баға Нұр-Сұлтан қаласы мен Ұлытау облысында тіркелді. Алматы қаласында сәл төмен, 12,3% шамасында. Ақылы қызмет көрсету бағасы шілдеде өзгеріссіз қалған. Бұл ретте Түркістан облысында баға республикалық деңгейден жоғары болса, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында керісінше біршама арзандаған.