Сыртқы қарыз – 170,5 млрд АҚШ доллары: аз ба, көп пе?
Сыртқы қарыз төмен
болуы тиіс. Бірақ қазіргі жағдайда Қазақстанның өзге елдер алдындағы берешегі
айтарлықтай қауіпті деңгейде емес. Бүгін сенатқа 3 жылдық бюджетті
министрлерімен бірге таныстыра келген Үкімет басшысы Олжас Бектенов осылай
деді. Айтуынша, Fitch, Moody's, S&P сынды рейтинг агенттіктері ресми
Астананың қаржылық нарығына жақсы баға беріп отыр. Демек, инвестиция еселене
түсуіне кепілдік жоғары. Ал сыртқы қарыз 2025 жылдың сәуірдегі жағдайы бойынша
170,5 млрд доллар болып отыр. Оның 32 млрд-ды жеке компаниялардың, 14 млрд-ды
банктердің, 12,6 млрд мемлекеттік органдардың және 2,2 млрд доллар Ұлттық
банктің борышы. Бектенов бұл жалпы ішкі өнімнің 23,6 пайызына тең көрсеткіш
дейді. Ал халықаралық стандарт бойныша ол 30 пайыздан аспауы тиіс.
Олжас Бектенов, ҚР
Премьер-министрі:
- Бұл өз кезегінде
барынша тиімді шарттармен сыртқы қарыз тартуға мүмкіндік береді. Мәселен, қазан
айының соңында 4,4 пайызбен еуробондтар орналастырдық. Бұл халықаралық
инвесторлардың Қазақстанға сенетіндігін, осындай пайызбен ақша құятындығының
жақсы көрсеткіші, ақшаның тартымды көрсеткіші.

