Қазақстан Қырғызстанмен сауда айналымын ұлғайтады
Жақында ғана қос тарап 13 млн долларға тауар сату жөнінде келісім жасасқан еді. Бұл туралы еліміздің Сауда және интеграция министрілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Негізінен азық-түлік, химия, фармацевтика құрылыс және машина жасауға қажетті тауарлар жеткізеді. Елдің сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қырғызстанның шет елдермен тауар айналымында Қазақстан 3-орында тұр. Бұл елде біздің кәсіпкерлермен бірлескен 334 кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл бес айдың өзінде екі ел 329 млн долларға жуық сауда жасаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% көп. Тараптар алдағы уақытта бұл көрсеткішті 1 млрд долларға жеткізуге ниетті.