ЖОЛДАУ-2022: дипломаттар пікірі

ЖОЛДАУ-2022: дипломаттар пікірі

Қазақстанның транзиттік әлеуетті арттыру және бизнесті қолдауға деген ұмтылысын еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері құптайды. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жаңғыртуға бағытталған шаралар өте маңызды екенін атап өтті.

Кестутис Янкаускас, Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі

– Еуроодақ Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі. Біз осы бағыттағы жұмысымызды ары қарайда жалғастыруға ниеттіміз. Кез келген бизнес үшін инвестиция құюға болатын қолайлы жағдай, ашықтық пен кәсіпкердің мүддесін қорғайтын заңнаманың болуы өте маңызды. Сонымен қатар, ЕО мен Қазақстан арасында тапшы шикізат материалын жеткізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Джеймс Панетта, АҚШ Конгрессмені:

– Қазақстанның кадрлық әлеуеті зор. Реформалар мұғалімдерге, білім мен қоғамдық денсаулық сақтау салаларына және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке айтарлықтай әсерін тигізеді. Себебі олар адам құқығын сақтауға бағытталған.

Рубем Корреа Барбоза, Бразилияның Қазақстандағы елшісі:

– Сайлау өткізу секілді мәлімдеме болатынын күткен жоқпын. Бұл өте батыл шешім. Менің ойымша, оның нәтижесін бәріміз де көреміз. Десе де, реформаның бәрін толығымен жүзеге асыру үшін уақыт керек.