Қазба байлықтарды іздеуге 30 млрд теңге бөлінген

Қазба байлықтарды іздеуге 30 млрд теңге бөлінген

Қазақстандық болат құбырлардың нарыққа шығар күні алыс емес. Биыл Саран қаласындағы болат құбыр зауыты іске қосылады. «Qarmet» негізіндегі кәсіпорын жылына жүз мың тоннадан астам өнім шығарып, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Үкімет осылайша тау-кен өнеркәсібін жаңа деңгейге шығарамыз деп отыр. Әзірге шикізат жетерлік. Бірақ оның көлемі әлі де арта түсуі мүмкін. Өйткені барлау ісі мықтап қолға алынбақ.