Сенат ЕАЭО аумағында электронды нысандағы қызметтер нарығына қатысты заңды мақұлдады

Сенат ЕАЭО аумағында электронды нысандағы қызметтер нарығына қатысты заңды мақұлдады

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бизнес жүргізу жеңілдей түседі. Сенат бірыңғай экономикалық кеңістікте электронды нысандағы қызметтер нарығына қатысты заңды мақұлдады. Бұл құжат жанама салықтар алу тәртібін реттеуге бағытталған.  Яғни, хаттаманың негізгі мақсаты – одақ ішінде үшінші елдермен де қосымша құн салығын төлеудің ашық және айқын тетігі бар салық салудың тең жағдайларын жасау. Депутаттар  бұл ең алдымен одақ шеңберінде электронды нысанда көрсетілетін қызметтердің нарығын дамытуға ықпал ететінін айтады. Мүше елдердің салық органдарының ресми сайттарында бұндай қызметтер көрсететін ұйымдардың тізімі жасалады. Оларға салық саласындағы әкімшілік үрдістер оңтайланады. Осылайша, құпталған заң салық базасын кеңейтуге және бюджет түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, экономикалық конъюнктураны жақсартуға, электрондық нысанда қызметтер көрсететін кәсіпорындардың табыстылығын арттыруға және түпкі нәтижесінде - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен қоса, басқа да елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, қосымша құн салығын төлеу орнын белгілеу жөніндегі дауларды болдырмауға, республикалық бюждетке 20 млрд теңгеден астам қосымша қаражат түсуге септігін тигізеді.