Қазақстан Еуропамен ынтымақтастықты арттыруға ниетті

Қазақстан Еуропамен ынтымақтастықты арттыруға ниетті

2005 жылдан бері Нидерланд Корольдігі Қазақстанға 118 млрд доллар инвестиция салды. Ал 2023 жылы бұл елмен сауда АҚШ валютасында  шамамен 4,5 млрд-ты құрады.

Сондай-ақ Еуропадағы тағы бір маңызды сауда серіктесіміз Бельгия да соңғы 18 жылда Қазақстан экономикасына 12 млрд доллар инвестиция құйған. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес бұл елмен тауар айналымы шамамен 524 млн-ға жетті.

Алдағы уақытта да Қазақстан аталған екі мемлекетпен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуді көздеп отыр. Бұл туралы сыртқы істер министрілігі мәлімдеді. Өз кезегінде Нидерландпен өзара тиімді ынтымақтастыққа өткен жылы құрылған бірлескен қазақ-нидерланд ауыл шаруашылығы комитеті серпін береді.

Айта кетейік, Корольдікпен Қазақстан АӨК саласынан бөлек су ресурстарын басқару және басқа да бағыттарда өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі.

Бельгияға келетін болсақ, онымен сауда-инвестициялық байланыстарды арттыруда өткен жылы құрылған екіжақты Іскерлік кеңес оң рөл атқаруы мүмкін.

Жалпы, Сыртқы істер министрлігінің пікірінше, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша бірлескен іс-қимылдар Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуде жаңа перспективаларға жол ашуға мүмкіндік береді.