Қазақстандықтар өзгерістерді айқын сезінуде

Қазақстандықтар өзгерістерді айқын сезінуде

Қазақстан үлкен өзгерістер кезеңін бастан кешіруде. Биыл қазақстандықтар, президенттің сайлау алды бағдарламасын жүзеге асыру барысында жүргізілген реформалардың нәтижесін көруде. Оның ішінде, қоғамдық-саяси трансформация, экономикадағы жүйелі өзгерістер мен әлеуметтік саладағы ілкімді істерді ерекше атап өтуге болады. Саясаттанушылардың айтуынша, халық ең төменгі жалақы мөлшерінің артқанын, балаға күтім бойынша әлеуметтік төлемдердің мерзімінің ұзаруын, экономикадағы монополияның азайғанын және елден заңсыз шығарылған және заңсыз жолмен табылған активтердің қайтарылуын өз көзімен көрді. Ерекше атап өтетіні, Ұлттық қор – балаларға бағдарламасы миллиондаған қазақстандықтардың өмірін түбегейлі өзгертеді деген сенім мол. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, бүкіл саяси жүйенің демократиялық трансформациясы жылдам қарқынмен іске асып жатыр.

Арман Тоқтышақов,  Әлемдік экономика және саясат институының сарапшысы: 
- Қазақстан алдымен ұлттық мүдделерді  сақтап, қорғау қамында  көпқырлы сыртқы саясатты жүзеге асыруға белсенді түрде басымдық беріп келеді.  Қазақстандықтардың дені қазір елде үлкен өзгерістер кезеңі жүріп жатқанын біледі. Бұл саяси жаңғырудың жалғасы деп біледі. Қоғам бұны аудан әкімдерін сайлау арқылы іс жүзінде сезініп үлгерді. Қазіргі уақытта жалпы еліміздің экономикасында демонополизация, ұлттық байлықты, активтерді қайтару сынды шаралар қарқын алып, әлеуметтік саланы қолдау үрдістері жүріп жатыр.